Доллар 500 теңгеден төмендеді: Ұлттық валютамыздың нығаю себебі неде

14 ақпан, 2025
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Доллар 500 теңгеден төмендеді: Ұлттық валютамыздың нығаю себебі неде
Фото: Elordainfo.kz/Оңалхан Өнерхан

Бейсенбі күнгі сауда нәтижелері бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 497,95 теңгеге дейін нығайды. Бұл - алдыңғы көрсеткіштен 3,88 теңгеге төмен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, теңгенің нығаюы жоғары сауда көлемі аясында жүріп жатыр. Бейсенбі күнгі жалпы сауда көлемі 311,7 млн доллар болды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 22,3 млн долларға аз.

Қаржыгерлер ұлттық валютаның нығаюына бірнеше негізгі фактор ықпал еткенін атап өтті:

Геосаяси тәуекелдердің төмендеуіне қатысты нарықтағы оң нәтижелер;

Ұлттық банк жүргізген валюталық интервенциялар (ақпан айында 1,1 млрд доллар конвертацияланды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 209 млн доллардан айтарлықтай жоғары);

Нарық қатысушыларының салықтық төлемдерге ертерек дайындалуы.