Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 09:50
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Фото: Elordainfo.kz/Оңалхан Өнерхан

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 506 – 512 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық банктің 12 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 506,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 522,43.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро 520 — 526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 512 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 - 5,28 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 11 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,66 теңгеге төмендеп, 506,25 теңге болған.