Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен креативті индустриялар саммитіне қатысты

Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен креативті индустриялар саммитіне қатысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен БРИКС елдерінің креативті индустриялар саммитіне қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаң Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка және 2025 жылдан бастап ұйымның серіктес елдерінің бірі болатын Қазақстан өкілдерін біріктірді.

Саммит аясында «Жаһандық трансформация кезеңіндегі креативті индустриялар» атты пленарлық отырыс өтті, оған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысты.

Ол әріптестеріне Қазақстанда креативті индустриялардың дамуы мен бұл секторды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол БРИКС аясындағы ынтымақтастық креативті экономиканы одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазақстандық делегация құрамында креативті секторды қадағалайтын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен креативті хабтардың басшылары да болды.

Халықаралық кездесудің мақсаты – креативті сектордың экономикалық әлеуетін талқылау және дамыту, нетворкинг пен тәжірибе алмасу. Бұл бағыттарға сәулет және урбанистика, IT, кино, видео және фотография, музыка, дизайн және сән, заманауи өнер кіреді.