Абай облысында ер адам қар құрсауынан құтқарылды

Фото: ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«112 пультіне ер адам қоңырау шалып, көліктің қар құрсауында қалғанын, өз бетінше шыға алмайтынын хабарлады. Оқиға Аягөз қаласынан 55 шақырым қашықтықта болды. Жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері ер адамды құтқарып, Қарағаш ауылына жеткізді. Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмады», - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын, ауа-райын мұқият қадағалап, төтенше жағдайларда қажет болатын заттарды алып жүру маңызды екенін еске салады.
Ұқсас жаңалықтар

15 қазан, 2025
Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

15 қазан, 2025
Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға әуе рейсін ашады

15 қазан, 2025
Шенген аймағына кіру ережелеріндегі жаңа талаптар туралы белгілі болды

15 қазан, 2025
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған монета айналымға шықты