Эльдар Бақпаев Абай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Бүгін, 14:52
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Эльдар Бақпаев Абай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Абай облысының әкімдігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Әкімшілігінің келісімімен, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өкімімен 2025 жылдың 30 сәуірінен бастап Эльдар Құсманұлы Бақпаев облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Аймақ басшысы бүгін облыс активіне таныстырды.

Эльдар Құсманұлы Бақпаев 1986 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген.

2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығын, 2021 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистратурасын тәмамдаған, «Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілген.

Еңбек жолын 2009 жылы Павлодар қаласындағы «Ирбис ТВ» телекомпаниясынан бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, «Хабар 24» телеарнасының директоры қызметтерін атқарды.

Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары болған.