Осы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды


Туризм және спорт министрлігі 30 маусым – 6 шілде аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
30 маусым – 6 шілде: Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогі
Жарысқа 30 елден 440-қа жуық спортшы қатысады. Ел намысын 20 былғары қолғап шебері қорғайды.
Өтетін орны: Астана қаласы
1-5 шілде: Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир
Қазақстан құрамасынан 8 палуан белдеседі.
Өтетін орны: Мадрид қаласы, Испания
2-8 шілде: Батуттағы гимнастикадан Coimbra Gym Fest 2025 халықаралық турнирі
Жарысқа 8 спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Коимбра қаласы, Португалия
4-10 шілде: Ауыр атлетикадан жасөспірімдер және юниорлар арасындағы Азия чемпионаты
Жарысқа 27 елден 300-ге жуық спортшы қатысады. Ұлттық құрама сапынан 32 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Астана қаласы
4-14 шілде: Стенд атудан Әлем кубогі
Турнирде 6 спортшымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Лонато қаласы, Италия
6 шілде: Бәйгеден ел біріншілігіне іріктеу турнирі
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 50-ден астам шабандоз қатысады.
Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазанат» ипподромы