Елордада мерекеге орай қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

8 мамыр, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада мерекеге орай қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында елордада 10-11 мамыр аралығында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырын және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара 10 және 11 мамырда сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін Н.Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады.

Ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанынан мына автобус маршруттары өтеді: № 2, 32, 49, 50, 73. Бұл іс-шара өтетін жерге жылдам жету үшін маңызды.