00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бейбіт атом – таза энергияның қауіпсіз көзі

Бүгін, 15:11
Торғын Аман Торғын Аман
Бейбіт атом – таза энергияның қауіпсіз көзі

«Байтақ» жасылдар партиясының Аппарат басшысы, эколог Бекберген Керей АЭС-тің қоршаған ортаға – жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің дамуына, көлдер мен өзендердің экожүйесіне әсері туралы айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

– Бекберген Дүйсенбайұлы, қоғамда атом энергетикасы тақырыбы кең тақыланып жатыр. АЭС-тің перспективасы туралы не айта аласыз?

– Бүгінгі таңда АЭС өзінің жасыл энергия екенін дәлелдеді. Атом энергиясына балама жоқ екенін біздің көзіміз жетті. Қазақстан уран өндіру бойынша көшбасшы, ғылыми базасы қалыптасқан, тәжірбелік реактор алаңдары жұмыс істеп тұр. Сондықтан біз атом энергиясының таза және қауіпсіз түрін игеруге әбден болады.

– АЭС-тің артықшылығы неде?

Бейбіт атомның экологиялық артықшылықтары – келешек ұрпаққа таза ауа, таза жер және таза су қалдыруға мүмкіндік береді.

Біріншіден, АЭС көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Яғни жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруін алдын алуға мүмкіндік береді. Көмір электр станциясынан айырмашылығы күкірт пен азот оксидтерін, қатты қалдық бөлшектерді, сонымен қатар, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа ластаушы заттарды іс жүзінде шығармайды.

Екіншіден, жерді тиімді пайдаланады. Атом электр станциялары бірдей қуаттағы күн және жел электр станцияларына қарағанда едәуір аз аумақты қамтиды. Бұл ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да мақсаттар үшін құнды жерлерді сақтауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, АЭС құрылысы үлкен су қоймаларын құруды және аумақтарды су басуды талап ететін гидроэлектростанциялармен салыстырғанда табиғи ландшафтқа аз әсер етеді.

Төртіншіден, АЭС орналасқан жерде радоктивтік қалдықтардың өндірістік қызметін бақылауға, оларды залалсыздандыруға және жоюға әлемнің озық технологиялары жетіп асатынын, осы бағытта еліміздің тәжірибесі жеткілікті екеніне сенімдімін.

– Экологтар АЭС Балқаш көлінің экожүйесіне кері әсер етіп, су айданың жоғалтып аламыз деп дабыл қағуда. Бұған Сіздің көзқарасыңыз қандай?

– Қазіргі заманғы атом электр станциялары жылу электр станцияларымен салыстырғанда суды тұтынуды едәуір төмендететін жабық сумен жабдықтау циклін қолданады. Кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу электр станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары су объектілеріне зиянды заттарды тастамайды.

Мамандардың айтуынша, егер Балқаш көлінің жағасында бейбіт атом орналасқан жағдайда, АЭС-тің пайдалану кезінде судың қайтарымсыз шығыны көлдің табиғи булануынан болатын шығынмен салыстырғанда әлдеқайда төмен болады. Мәселен, 2021 жылы Балқаш көлінің су балансының шығыс бөлігі су бетінен – 18,9 км3 көлемінде буланады. Ал вендорлар ұсынған деректерге сәйкес, екі блокты атом электр станциясын пайдаланудан судың қайтарымсыз шығыны (булануы) жылына шамамен 63 млн.м3 құрайды, бұл Балқаш көлі булануының 0,32 пайызына тең. Сарапшылардың есебіне сәйкес, Балқаш-Алакөл бассейнінің су ресурсының көлемі 25,2 млрд. м3-ті құрайтын болса, онда атом электр станциясы аталған бассейннің суына айтарлықтай әсер етпейді.

– «Бейбіт атом» – таза энергияның қауіпсіз көзі дейсіз ғой...

– Әрине! Біріншіден, атом станциясынан ауаның озан қабаттарына зиян келетін газдар бөлінбейді. Өзен-көлдерді ластайтын қалдық суда шықпайды.

Экологтар арасында Балқаштың суына әсер ететі дейтіндер бар. Қызықты бір мысал келтірейін, шетел тәжірибесінде АЭС-тің салқындатқыш тоғандарында балықтың ондаған түрі өсіріледі, тіпті балық аулау бойынша халықаралық чемпионаттар ұйымдастырылатын естіп жүрміз. 1-2 миллион халқы бар қаланы электр қуатымен қамтамасыз ете алатын АЭС 60 жыл ішінде 50 текше метр радиоактивті қалдықтар шығарады. Бірақ радиоактивті қалдықтар ешқайда төгілмейді, оны арнайы қоймаларда тұрақты түрде сақталуы мүмкін.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ