Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Отшашу 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық рет атылады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және т.б. өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:02
Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады

Бүгін, 19:03
LRT пойыздарының операторлары Қытайда оқытудың екінші кезеңін аяқтады

Бүгін, 17:43
Үкіметте мектептер, бірыңғай әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша шаралар ұсынылды

Бүгін, 17:03
Елордада «Пациент – серіктес» атты ерекше бағдарлама таныстырылды