00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қорғаныс министрлігі: Әскер қатарына мәжбүрлеп алып кету заңға қайшы емес

15 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қорғаныс министрлігі: Әскер қатарына мәжбүрлеп алып кету заңға қайшы емес
фото: Оңалхан Өнерхан

Әскерге барудан жалтарып жүргендерді көшеден ұстап алып кету – заңды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір министрлік Мәжіліс депутаттарымен бірге жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Құжатта Қазақстан азаматтарының қандай жағдайда міндетті қызметтен босатылатындығы қайта реттеліп жазылуда. Ал заң талаптарын орындамаған азаматтарымызды мәжбүрлеп әскер қатарына алып кетуден басқа амалымыз жоқ, - дейді вице-министр.

«Заңнан жалтарған адамдар іздеуге беріледі. Іздеуге берілген адамдар қашып, күш көрсететін болса, заңның өкілдеріне солай көшеден алып кететін болады», деді ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.