Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айтты

1 қаңтар, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланға көңіл айтты. Қазақстан Президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Швейцариядағы тау-шаңғы курортында өрт шығып, 40 адам қаза тапты.