Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 10 боксшысы анықталды

Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 10 боксшысы анықталды
Фото: No Limit Boxing

Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың рейтингін жариялады. Бұл туралы Elordainfo.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Рейтингтің бірінші орнын жуырда допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) иеленді. Қазіргі таңда ол орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Егер боксшының кінәсі дәлелденсе, оған дисквалификация мен чемпиондық белбеулерінен айырылу қаупі төніп тұр.

Қазақстандық үздік үш боксшы қатарына Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енді.

Ал үздік ондықты төмендегі боксшылар түйіндеді:

- Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO),

- Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO),

- Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO),

- Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO),

- Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 KO),

- Ельшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO),

- Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO).

Бұған дейін World Boxing халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша дауыс беру нәтижесінде Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» атанғанын жазған едік.