Header Banner

Дзюдодан Азия кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 18:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дзюдодан Азия кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

4-5 желтоқсан аралығында Сыхуэйде (Қытай) дзюдодан Азия кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Аталған бәсекеде ел намысын 27 спортшы қорғайды.

Ерлер

60 келі: Нұрдәулет Мейрамбеков, Мәди Серіков, Сұңғат Нұрлатұлы

66 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша

73 келі: Бақытжан Абдурахманов, Ануар Жұмагелдин

81 келі: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов, Ерзат Арғынов

90 келі: Ақжол Дүйсенбаев

100 келі: Айбол Нысанәлі, Әділет Сапарғалиев

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер

48 келі: Ғалия Тынбаева, Аяна Дүйсенбай

52 келі: Меруерт Сәрсенова

57 келі: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева

63 келі: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева

70 келі: Мөлдір Нарынова, Ажар Асхат

78 келі: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова

78 келіден жоғары: Назгүл Маратова, Толқын Тұрсынақынова

Еске сала кетейік, Астанада алғаш рет голболдан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді.