Header Banner

Елордалық шабандоз Оңтүстік Кореяда алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:54
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық шабандоз Оңтүстік Кореяда алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы II Азия халықаралық конкур турнирінде елордалық спортшы Хадия Советхан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Чеджу провинциясының ат спорты федерациясы (JJEF) мен Корея ат спорты федерациясының (KEF) қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық додаға Азия елдерінен 12-16 жас аралығындағы 30 үздік шабандоз қатысты. Жарыс регламентіне сәйкес әр елдің атынан екі спортшы мен бір жаттықтырушыдан құралған делегация қатысты.

14 жастағы Хадия Советхан үшін бұл жеңіс биылғы маусымдағы кезекті жетістік болды. Бұған дейін, 8 қарашада Астанада өткен ел біріншілігінде жас шабандоз Тасқара есімді сәйгүлікпен өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында конкурдан Қазақстан чемпионы атанған еді.

Халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғаған тағы бір елордалық спортшы Яна Жемчужина да үздік ондықтың қатарына енді.

Спортшыларды халықаралық жарысқа жаттықтырушы Екатерина Гурова дайындады.

Еске сала кетейік, Астанада алғаш рет голболдан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді.