Астаналық спортшы Мансұр Естеу Мәскеу қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) ашық кубогында Қазақстан құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Рапирамен семсерлесуден ерлер арасындағы командалық жарыста еліміздің намысын Мансұр Естеу, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов және Евгений Токанов қорғады.

Қазақстандық спортшылар халықаралық додада үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Еске сала кетейік, елордалық шабандоздар Әлем кубогының Еуразия лигасы финалында 8 медаль жеңіп алды.