Header Banner

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында елордалық Едіге Емберді күміс жүлде еншіледі

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында елордалық Едіге Емберді күміс жүлде еншіледі
Фото: Қанат Байұзақов

Ел чемпионатының бесінші жарыс күнінде ерлер арасында 85 және әйелдер арасында 86, +86 келіде жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

Ерлер арасындағы 85 келі салмақта алтын жүлдеге үміткер ретінде бірнеше зілтемірші қарастырылды. Олардың қатарында Азия чемпионы Ақжол Құрманбек, жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Едіге Емберді, Әлібек Рахымберді, Егор Шерер болды. Нәтижесінде Жетісу облысының өкілі Ақжол Құрманбек алтын жүлдені жеңіп алды.

Кешкі сессияда Сания Орманбаева мен Любовь Ковальчук өз салмағында айқын жеңістерін тіркеді.

«Жұлқа көтерудегі көрсеткішіме көңілім толады. Бірақ серпе көтеруде 205 келі бағынбады. Қарсыластарым да мықты болды. Өкінішке қарай, Едіге Емберді әлем чемпионатынан кейін толық бабына ене алмады. Алдағы уақытта Едіге екеуміз әлі бірінші орын үшін күресетін боламыз», - деді Ақжол Құрманбек.

85 келі. Қоссайыс қорытындысы

1-орын. Ақжол Құрманбек (Жетісу обл) - 363 келі (163+200)
2-орын. Едіге Емберді (Астана қ) - 345 келі (152+193)
3-орын. Әлібек Рақымберді (Алматық ) -  344 келі (158+186)

86 келі. Қоссайыс қорытындысы

1-орын. Сәния Орманбаева (Алматы қ) - 234 келі (104+130)
2-орын. Айғаным Жанболат (Алматы обл) - 223 келі (105+118)
3-орын. Виктория Новикова (Ақмола обл) -  203 келі (93+110)

+86 келі. Қоссайыс қорытындысы

1-орын. Любовь Ковальчук (Қарағанды обл) - 235 келі (105+130)
2-орын. София Шешукова (Астана қ) - 228 келі (101+127)
3-орын. Динара Қыпшақбай (Қызылорда обл) -  207 келі (88+119)

Сенбіде ерлер арасында 95 пен 110 келіде жүлделер үлестіріледі.