Header Banner

Астаналық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін, 16:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Түркияның Амасия қаласында 19 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында астаналық спортшы Ақиқат Исатай қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биылғы әлем біріншілігіне 12 елден 70-тен астам спортшы қатысты.

Атап айтқанда, Колумбия, Ауғанстан, Бангладеш, Ирак, Түркия, Украина, Румыния, Чехия, Литва, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан елдерінің жас тоғызқұмалақшылары өзара бақ сынады.

Халықаралық додада блиц бағдарламасы бойынша ұлдар арасында сынға түскен елордалық Ақиқат Исатай үздік үштіктің қатарынан көрініп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Еске сала кетейік, Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады.