Header Banner

Астанадан Атырауға жаңа Stadler вагондары жолға шығады

Астанадан Атырауға жаңа Stadler вагондары жолға шығады
Фото: Жолаушылар тасымалы компаниясы

47/48 «Нұрлы жол – Атырау» бағыты бойынша қолданыстағы стандартты вагондардың орнына отандық өндірістен шыққан жаңа Stadler вагондары жолға шығады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

Жаңартылған құрам алғашқы сапарына 23 қарашада «Нұрлы жол» вокзалынан аттанады. Пойыз күнара жүреді. Ал Атыраудан Нұрлы жол бағытына пойыздың рейсі 25 қарашаға жоспарланған.

Пойыз құрамында 9 жолаушылар вагоны болады. Купе вагондарында 40, плацкарт вагондарында 56 жолаушыға арналған орын бар. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін вагондар климатты реттеу жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В розеткасымен, бейнебақылау жүйесімен және жүк қоятын орындармен жабдықталған. Сондай-ақ, буфет қарастырылған. Ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың сапарға шығуына да қажетті жағдай жасалған.

№4 вагон тек әйел жолаушыларға арналған. Бұл вагонға билеттер тек әйелдерге сатылады. Алайда 7 жасқа дейінгі ұл балалардың жол жүруіне рұқсат етілген.

Еске салсақ, 13 қарашада елордадағы «Нұрлы жол» вокзалынан Stadler вагондарынан жасақталған жолаушылар пойызы алғаш рет Семейге жол тартты.