Header Banner

Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Бүгін, 16:24
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосқан азаматтарды марапаттады
Фото: akorda.kz

Президент ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды:

«Парасат» орденімен

Асанов Бейбіт Батниязұлы – «Жеңіс» ШҚ басшысы, Батыс Қазақстан облысы

Нұртазаев Бақыт – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысы;

II дәрежелі «Достық» орденімен

Рудаков Александр Сергеевич – «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті, Ресей Федерациясы;

«Құрмет» орденімен

Балжігітов Сейітжан Қапанұлы – «Достан Ата» ШҚ басшысы, Атырау облысы

Ищанов Қуаныш Аманғалиұлы – «Айс-плюс» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы

Мақатов Қайырбай Қонқаұлы – «Бижан» ШҚ басшысы, Қостанай облысы

Хуршудов Ислам Махмудович – «Агро Балтабай» ЖШС малшысы, Алматы облысы;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Ахметжанов Рүстем Қажықанұлы – «Қапшағай МТС Сервис» ЖШС малшысы, Алматы облысы

Әменов Мәкіш Керімбайұлы – жылқышы, Ұлытау облысы

Клишин Виктор Александрович – «Жер өнімдері» ЖШС тракторшы-механизаторы, Ақмола облысы

Темірбаев Қуандық Сейіткенұлы – «Меңдеш» ШҚ механизаторы, Павлодар облысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әбдірайымов Дәурен Шыңғысұлы – «Дәурен» ШҚ зоотехнигі, Абай облысы

Әбсәттар Өтепберген Әкімұлы – «Өтепберген» ШҚ түйе өсірушісі, Түркістан облысы

Қапарова Әлия Айбасқызы – «Burabay Milk» ЖШС бұзау күтішусі, Ақмола облысы

Сейдахметов Бауыржан Қабиұлы – «Шалқар» ШҚ аға бақташысы, Маңғыстау облысы;

«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы 

Айтөленов Дастан – «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры, Жамбыл облысы

Звольский Сергей Адамович – «Астық-STEM» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы

Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы – «Қайнар» ЖШС директоры, Қарағанды облысы

Тезекбаев Жұмаш Жұмабекұлы – «Егемендік» ШҚ басшысы, Жетісу облысы.