Елімізде AI-кеңселері арқылы алынған мемлекеттік қызмет саны 100 мыңнан асты, және бұл - мемлекеттік қызмет алудың жаңа форматына көшудің бастамасы ғана, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
Бүгінде халықтың цифрлық кеңселері еліміздің тоғыз қаласында жұмыс істейді. Мұнда құжатты өз бетінше рәсімдеп, анықтаманы бірнеше минутта алуға, жасанды интеллекттің көмегіне жүгінуге және мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды үйренуге болады.
Жаңа кеңселерде үйреншікті оператордың орнына мемлекеттік қызметтерді алуға арналған цифрлық аймақ, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары мен заманауи сервистер ұсынылған.
Еске салсақ, таяуда барлық өңірде AI форматында цифрлық қызмет көрсету орталықтары ашылатынын хабарладық.