Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде архив саласын цифрландыру мәселелеріне арналған республикалық семинар өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағының өкілдері, республикалық және өңірлік архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар архив саласында цифрлық технологияларды дамыту, архив мекемелерінің жұмысын жетілдіру, құжаттарды өңдеу мен сақтаудың заманауи тәсілдерін енгізу мәселелерін талқылады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері саланы цифрландыру және цифрлық қызметтерді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Істер номенклатурасын сараптау кезінде жасанды интеллектіні қолдану және Aiqalam платформасы арқылы құжаттарды автоматты түрде талдау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағының қызметі және оның өңірлік филиалдарын құру мәселелері қарастырылды.
Еске сала кетейік, елорданы су тасқынынан қорғайтын бөгет реконструкцияланып жатыр.