Header Banner

Қазақстанда мотор майларына 6,6 млн цифрлық таңбалау коды енгізілді

Қазақстанда мотор майларына 6,6 млн цифрлық таңбалау коды енгізілді
Фото: Энергетика министрлігі

Digital Tañba 2026 аясында «Цифрлық таңбалау: жүйелі шешімдерден нақты нәтижелерге дейін» тақырыбында өткен пленарлық сессияда Энергетика министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Ержан Қошқаров энергетика саласында цифрлық таңбалауды енгізу барысы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баяндама барысында екі негізгі бағыт қаралды: мотор майын, жағармай материалдарын және арнайы автомобиль сұйықтығын міндетті таңбалау, сондай-ақ тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газын таңбалау және оның айналымын қадағалау жобасы.

Қазақстанда мотор майын міндетті таңбалау 1 ақпаннан бастап енгізілді. Ал 1 қыркүйектен бастап талаптар жағармай материалдары мен арнайы автомобиль сұйықтығының жекелеген түріне де қолданыла бастады. Өнімнің әрбір бірлігіне тауарды сәйкестендіруге және оның қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін бірегей Data Matrix екі өлшемді коды енгізіледі.

Бүгінгі таңда жүйеде тауар айналымына қатысатын 750-ден астам қатысушы тіркеліп, 6,6 млн-нан астам таңбалау коды енгізілді.

Еске сала кетсек, елімізде тұрмыстық газ баллондарын цифрлық таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру қолға алынды.