Header Banner

Астанада мәслихат депутаттарын сайлау күні 26 сәби дүниеге келді

Астанада мәслихат депутаттарын сайлау күні 26 сәби дүниеге келді
Фото: magnific.com

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Астанада 26 сәби дүниеге келді. Қала тұрғындары сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатқанда, елорданың перзентханаларында ондаған отбасы сәби сүйіп, қуанышқа бөленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, дүниеге келген сәбилердің 15-і – қыз, 11-і – ұл. 

Елордадағы перзентханалардың дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған сәбилерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп келеді.

Астанада ана мен баланың денсаулығын қорғауға ерекше мән беріледі. Қалада әйелдерге жүктілік және босану кезінде, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, сайлауда астаналық көпбалалы әке отбасымен бірге келіп, дауыс берді.