Елордада жаңа жылдық отшашу екі жерде ұйымдастырылды

Елордада жаңа жылдық отшашу екі жерде ұйымдастырылды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік отшашу өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отшашу 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де екі орында – Атырау көпірі маңындағы жағалауда және Ботаникалық бақ аумағында ұйымдастырылды.

Биіктігі 200 метрге дейін жеткен фейерверктің ұзақтығы шамамен бес минутқа жалғасты.

Сонымен қатар қаладағы үш алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер ұйымдастырылды

Іс-шараларға Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, сондай-ақ «Melomen», «Бәйтерек» топтары және өзге де өнер жұлдыздары қатысты.

Айта кету керек, мерекелік іс-шаралардың бәрі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді.

Бұған дейін Мемлекет басшысының қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтауын жариялаған болатынбыз.