Президент жастар мен балаларға үндеу жолдады

Президент жастар мен балаларға үндеу жолдады
Фото: Астана әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтауында қазір мүлдем жаңа құбылыстар және зор мүмкіндіктер дәуірі екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін осы ерекше сәтте жастар мен балаларға үндеу жолдағым келеді. Қазір – мүлдем жаңа құбылыстар және зор мүмкіндіктер дәуірі. Әркім, ең алдымен, өзіне, бойындағы күші мен қабілетіне сенуі керек. Ұлы Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөзі әрдайым өзекті. Белсенді, білімді, еңбекқор, тәртіпті, ұшқыр болыңыздар. Жолдарыңыз ашық болсын! Әрқашан алар асуларыңыз биік болсын! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін! Төрт құбыламыз түгел болсын! Әр шаңырақ жақсылыққа толсын! Көк туымыз мәңгі желбіресін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы, Қазақ Елі жасай берсін! Жаңа жыл құтты болсын!» - деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтауының толық мәтінін жарияладық.