Ұлттық ұлан қазақстандықтарды Жаңа жылмен ерекше форматта құттықтады

Ұлттық ұлан қазақстандықтарды Жаңа жылмен ерекше форматта құттықтады
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық ұлан елордада ерекше мерекелік акция өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мұнда қызметтік автокөліктер бір сәтте сап түзеп, өткен жылды бейнелейтін 2025 саны түріндегі әсерлі композиция құрды.

Кульминациялық кезеңде әсерлі көрініс жаңаша сипат алды. 5 саны біртіндеп 6 санына ауысып, композиция 2026 жылды бейнеледі. Бұл — жаңа жылдың, жаңа мақсаттардың және заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметтің жалғасын білдіретін айқын нышан.

Аталған бастама Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, темірдей тәртібін және болашаққа сеніммен қадам басуға дайын екенін көрсетті. Құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері алдағы жылы да азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы жауапты міндеттерді абыроймен атқара бермек.

Бұған дейін мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтінін жаздық.