Header Banner

Елордада Қордай мен Айнакөл көшелерінің қиылысы уақытша жабылды

Бүгін, 18:04
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада Қордай мен Айнакөл көшелерінің қиылысы уақытша жабылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

17-21 қараша аралығында елордадағы Қордай мен Айнакөл көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұралады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елордада 7 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.