Header Banner

Елордада зейнеткерлерге киберқауіпсіздік негіздері түсіндірілді

Бүгін, 16:11
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада зейнеткерлерге киберқауіпсіздік негіздері түсіндірілді
Фото: ұйымдастырушылардан

«Нұра» ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында танымдық дәріс өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Дәрісті Цифрлық үкіметті қолдау орталығының аға ғылыми қызметкері Білім Баекешова жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға цифрлық гигиена, интернет пен мобильді қосымшаларды қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау және интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, күмәнді хабарламалар мен қоңырауларды ажырату, белгісіз сілтемелерге өтпеу және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу жолдары түсіндірілді.

Іс-шараның кіріспе сөзінде Орталық директорының кеңесшісі, елорданың құрметті ардагері Мұхтар Еркетаев цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқан қазіргі заманда ақпараттану деңгейін үнемі арттырып, заманауи құралдарды меңгерудің және киберқауіптерден қорғана білудің маңыздылығын атап өтті.

Мұндай іс-шаралар аға буын өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттыруға, интернеттегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және заманауи технологияларға бейімделуіне бағытталған.