Елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,9%-ға артты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюроның мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-қазан аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 18 321,4 млрд теңге болды, бұл 2025 жылғы қаңтар-қазаннан (салыстырмалы бағамен) 4,9% көп.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (74,4%), Жамбыл (29%-ға), Павлодар (13,4%-ға), Түркістан (13%-ға), Алматы (11,4%-ға), Шығыс Қазақстан (10,6%), Ақтөбе (8,2%-ға) және Манғыстау (4,5%) облыстарында байқалады.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Жетісу облысында (31,7%-ға) және Қарағанды облысында (8,7%-ға) және Ақмола облысында (3,4%-ға) байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,7%) және Алматы қаласы (10,3%) алады.
Еске сала кетсек, Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5 пайыз болды.