Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,5%-ды құрады. Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша, аталған сектор 5,6%-ға өскен.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті.
Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан осы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артты.
«Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%) байқалады.
Құрылыс саласында өсім 13,1%-ды, көлік және қоймада – 7,5%-ды, саудада – 6,2%-ды, ауыл шаруашылығында – 5,2%-ды, байланыс саласында 4,9%-ды құрады», - делінген хабарламада.