Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Бүгін, 17:56
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2026 жылғы 1–2 қаңтар, сондай-ақ 7 қаңтар күні ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«3 қаңтар, сенбі күні, кезекші ХҚКО мен МХҚКО үшін жұмыс күні болып саналады. Азаматтарды қабылдау 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. 5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып табылады. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді», - деп жазылған «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар, жұмыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен МХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұған дейін электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңі енгізілгенін жаздық.