Тоқаев Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін.
Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, – деп жазылған жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:07
Президент БҰҰ мінберінен Қазақстанның ұстанымын анық байқатты – Ерлан Қарин

Бүгін, 08:43
БҰҰ бүгінгі сын-қатерлер мен ертеңгі міндеттерге сай болуы керек – Тоқаев

23 қыркүйек, 2025
Президент Американың ірі компанияларының басшыларымен келіссөз жүргізді

23 қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин: Американың бизнес капитандарымен болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға келісім жасалды