08.12.2025
RU
Мәзір

Мемлекеттік сатып алу ережелеріне келісімшарттардың негізсіз қымбаттауын болдырмау үшін өзгерістер енгізілді

|
Мемлекеттік сатып алу ережелеріне келісімшарттардың негізсіз қымбаттауын болдырмау үшін өзгерістер енгізілді
Фото: ҚР Жоғары аудиторлық палатасы

Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін мемлекеттік сатып алулардың негізсіз қымбаттау тәуекелі төмендейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына жаңа өзгерістер енгізілді. Олар бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Тиісті шаралар ҚР Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымы бойынша қабылданды.

Мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты жүргізілген кейбір аудиттердің қорытындылары бойынша заңнамада жүйелі кемшіліктер анықталды. Аталған кемшіліктер тауарларды, жұмыс және қызметтерді жеткізушілердің міндеттемелерін тиісінше орындамауына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі сараптамадан кейін жеткізушілердің жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу арқылы қосымша қаражат бөлу туралы сұрау мүмкіндігіне ие болуына байланысты туындады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін қарау ұсынылды. Жеткізушіні таңдау шарттарының бірі ретінде қолданылатын баға жеңілдігін қолдану тәртібін нақтылау ұсынылды.

Нәтижесінде ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына тиісті түзетулер енгізілді.

Енді мынандай норма бекітілді: егер шартқа сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты шарт сомасын ұлғайтуға әкелетін өзгерістер енгізілсе, шарт сомасын ұлғайту конкурс шеңберінде әлеуетті жеткізуші ұсынған бағаны беру кезінде есептелген демпингтің ең төменгі шектік мәнін ескере отырып жүзеге асырылады.

Бұл өзгеріс мемлекеттік шарттар сомасын ұлғайту кезінде баға шарттарын неғұрлым нақты ескеруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде бюджет шығыстарын оңтайландыруға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗