Павлодарда егде әйел серуендеп жүріп 5 метрлік жардан құлаған

Бүгін, 18:02
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Павлодарда егде әйел серуендеп жүріп 5 метрлік жардан құлаған
Фото: видеодан скриншот/112 KZ

Павлодарда 1945 жылы туған егде әйел адам Ертіс өзенінің жағасындағы жардың бойымен серуендеу кезінде абайсызда төменге құлап кеткен, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шұғыл жетіп, зардап шеккен әйелдің орналасқан жерін анықтап, құтқару жұмыстарына кіріскен

Құтқарушылардың мәліметінше, жер бедерінің күрделілігі мен жардың биіктігін ескере отырып, әйелді эвакуациялау үшін альпинистік жабдықтар пайдаланылды.

«Арнайы жабдықтар мен зембілді қолдана отырып, құтқарушылар әйелді шамамен 5 метр биіктіктен жоғары көтерді. Зардап шеккен әйел қауіпсіз жерге жеткізіліп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», - делінген хабардамада.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда топырақ опырылып, 2 жұмысшы қайтыс болғаны туралы жаздық.