Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті

Бүгін, 15:13
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті
Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарға мекеменің атынан жалған құжаттар таратып, ақша аударуды талап ететін алаяқтық схемалар көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алаяқтар Ұлттық банктің фирмалық бланкісін пайдаланып, азаматтарға жалған хаттар жібереді. Онда қаражатты қауіпсіз қайтару, аударымды аяқтау немесе ақшаны декларациялау үшін белгілі бір соманы төлеу қажет екені айтылады. Кейде бұл іске «Ұлттық банк» немесе Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері қатысып отырғандай көрінеді.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақша қаражатын декларацияламайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізбейтінін атап өтті. Сондай-ақ мекеме азаматтармен мессенджерлер, электрондық пошта және әлеуметтік желілер арқылы хат алмаспайды.

Ведомство күмәнді шоттарға ақша аудармауға және жалған құжаттарға сенбеуге шақырды. Алаяқтыққа тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты 1477 нөмірі арқылы алуға болады.