08.12.2025
RU
Мәзір

3,5 мың оқушыға қауіп төнген: ескі сынапты лампалар ұзақ уақыт мектептерде заңсыз сақталған

|
3,5 мың оқушыға қауіп төнген: ескі сынапты лампалар ұзақ уақыт мектептерде заңсыз сақталған
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінде қауіпті қалдықтарды пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Санитарлық қағидаларға сәйкес, істен шыққан сынапты лампалар оқушылар қол жеткізе алмайтын жеке бөлмеде сақталуы керек, оларды қоқыс жәшіктеріне тастауға жол берілмейді (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 ж. №76 бұйрығы).

Талдау барысында бірқатар мектептер мен мемлекеттік балабақшаларда 436 дана істен шыққан сынапты лампа ұзақ уақыт бойы қарастырылмаған орындарда: қоймалар мен жертөлелерде сақталғаны анықталды.

Бұл оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына тікелей қауіп төндірді.

«Қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар толығымен жойылды: қауіпті қалдықтар белгіленген тәртіппен шығарылды. Осылайша, 3 458 азаматтың, оның ішінде 2 947 оқушының және 511 қызметкердің құқықтары қорғалды», - делінген хабарламада. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗