Header Banner

Белгісіз біреулер сарбаз ескерткішін қиратқан: Таразда құқық бұзушылар іздестіріліп жатыр

Бүгін, 17:35
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Белгісіз біреулер сарбаз ескерткішін қиратқан: Таразда құқық бұзушылар іздестіріліп жатыр
Фото: Жамбыл облыстық ПД

Таразда белгісіз біреулер Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 72 белгісіз сарбаз жерленген орындағы ескерткіш тақтаны қиратып кеткен, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, бұл жайтқа қатысты ескерткішті қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыларды анықтап, ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Құқық бұзушылар заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада вандалдарды дрон арқылы анықтап жатқаны туралы жаздық.