ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактілерінің жолын кесу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 2026 жылдың қарашасында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтудің жолын кесті.
Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде 13 960 дана вейп анықталды.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауарлардың құны 510 млн теңгеден асқан.


ҰҚК мәліметінше, аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны Қытайға алты келіге жуық алтынды заңсыз әкетпек болғаны турады жаздық.