19 қарашада Астанада тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетуге арналған «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акцияны Астана қаласының прокуратурасы әкімдікпен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру, олардың өзекті мәселелерін шешуге жедел көмек көрсету және қоғамдағы жүйелі құқықтық мәселелерді анықтау.
Іс-шара барысында тұрғындар мемлекеттік органдардың өкілдерінен, еліміздің білікті заңгерлері мен құқық саласының мамандарынан кеңес ала алады.
Акция 19 қараша күні сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді.
Мекенжайы: Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5.
Еске сала кетейік, Астанада 21-22 қараша күндері ауқымды «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтеді.