21–22 қараша күндері Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігі мен елорда әкімдігі бірлесіп ұйымдастыратын ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі – «Соғым-FEST» өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орайластырылып, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумының аясында ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және еліміздің басқа да облыстарындағы фермерлік шаруашылықтар қатысады. Келгендерге отандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.
«Соғым-FEST» жәрмеңкесінің басты ерекшелігі – өнімдерді өндірушілердің тікелей сату форматы. Бұл қосымша делдалды болдырмауға, фермердің өнім өткізу мүмкіндігін кеңейтуге және елорда тұрғындарының сапалы отандық өнімдерге тікелей қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Жәрмеңке өңірлік өнімдерді ілгерілетуге, отандық мал өсірушілерді қолдауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланысты нығайтуға арналған қосымша алаңға айналады.
Сауда 21 және 22 қараша күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Астананың үш алаңында қатар өткізіледі:
«Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б.
Автобустар: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.
«Ет әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1.
Автобустар: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.
«Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.
Автобустар: № 2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67, 73.