Құрманбек Жұмағали «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ол «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызмет пен медиа саласында мол тәжірибесі бар.
Әр жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында басшылық қызметтер атқарды. Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін осы басқарманың басшысы, сондай-ақ «Қазақ радиолары» директоры болды.
2019-2021 жылдары «Астана» телеарнасын, 2021-2023 жылдары «31 арнаны» басқарды.
2023 жылғы шілдеден бастап жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы болды.