Header Banner

Елімізде электр қуатын өндіру рекорды жаңартылды

Елімізде электр қуатын өндіру рекорды жаңартылды
Фото: primeminister.kz

16 қараша күні сағат 18:20-да Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 17 356 МВт-ға жетіп, тарихи максимум тіркелді. Бұған дейінгі рекорд 2025 жылы тіркеліп, 17 273 МВт болған еді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәлімдеуінше, 2026 жылғы жөндеу науқанының кестесіне сәйкес жоспарланған барлық 9 энергоблокқа күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Осылайша, энергоблоктарды жөндеу жоспары толық орындалған.

Жөндеу жұмысы Екібастұз ГРЭС-1 станциясының № 2, 4 және 6 энергоблоктарында, Екібастұз ГРЭС-2 станциясының № 1 және 2 энергоблоктарында, Ақсу қаласындағы «ЕЭК» АҚ электр станциясының № 5 және 8 энергоблоктарында, сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-інің № 2 және 3 энергоблоктарында жүргізілді.

Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық аясында жоспарланған 55 қазандықтың 51-інде жөнделді. Қалған қазандықтарды жөндеу бекітілген кестеге сәйкес мерзімінде аяқталады.

Бұдан бөлек, 17,1 мың шақырым электр желісінде, 444 қосалқы станцияда және 3 408 тарату және трансформаторлық пунктте жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ 377 шақырым жылу желісі жөнделді.

Еске салсақ, елімізде жаңартылатын энергия көздерінен электр қуатын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты.