Header Banner

Астанада пара велоспорттан ел біріншілігі өтеді

Астанада пара велоспорттан ел біріншілігі өтеді
Фото: Ұйымдастырушылар

20 қарашада Астана қаласындағы «Сарыарқа» спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында пара велоспорттан ел біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап. 

Жарыста спортшылар I, B және C санаттары бойынша жекелей сында 200 м спринт, 4 000 м із қуу дисциплинасы мен 1 000 м және 750 м командалық спринтте өнер көрсетеді.

Айта кетейік, пара велоспорттан ел біріншілігі 23 қарашаға дейін жалғасады. Жарысқа Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана және Алматы қалаларының спортшылары қатысады.

Еске салсақ, таяуда Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен Боччадан әлем кубогында жүлде алған спортшыларымыз елордаға оралды.