Header Banner

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында ерлер арасында алғашқы жеңімпаздар белгілі болды

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында ерлер арасында алғашқы жеңімпаздар белгілі болды
Фото: Қанат Байұзақов

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күнінде ерлер арасында 60 және 65 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

Басты тартыс 65 келі салмақта өрбіді. 17 жастағы Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда облысы) жұлқа көтеруде көшбасшыдан 11 келі қалып қойғанымен, серпе көтеруде қарсыластарынан басым түсіп, алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

«Қазақстан чемпионатында топ жарамын деген мақсатпен келдім. Сол үшін де жаттығу залында тынбай, еңбектендім. Алғашқы жаттығудан кейін қарсыластарымнан қалып бара жатсам да, психологиялық жағынан шешуші сайыста озамын деген сенімімді жоғалтпадым. Нәтижесінде ересектер арасында алғаш рет Қазақстан чемпионы атағына қол жеткіздім», - деді 17 жастағы Мұхаммедали Қойшыбек.

60 келі. Жұлқа көтеру

1-орын. Өтепберген Әлиев (БҚО) – 123 келі
2-орын. Алексей Дроздов (Алматы обл) – 115 келі
3-орын. Станислав Журавлев (Қарағанды обл) – 110 келі

Серпе көтеру

1-орын. Өтепберген Әлиев (БҚО) – 141 келі
2-орын. Алексей Дроздов (Алматы обл) – 138 келі
3-орын. Азамат Төлеген (Қызылорда обл) – 136 келі

Қоссайыс қорытындысы:

1-орын. Өтепберген Әлиев (БҚО) – 264 келі (123+141)
2-орын. Алексей Дроздов (Алматы обл) – 253 келі (115+138)
3-орын. Азамат Төлеген (Қызылорда обл) – 246 келі (110+136)

65 келі. Жұлқа көтеру

1-орын. Никита Журавлев (Қостанай обл) – 119 келі
2-орын. Тимур Хасаров (Жетісу обл) – 113 келі
3-орын. Аблай Анамбай (Жетісу обл) – 111 келі

Серпе көтеру

1-орын. Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда обл) – 150 келі
2-орын. Жанасыл Арапбай (Түркістан обл) – 142 келі
3-орын. Аблай Анамбай (Жетісу обл) – 141 келі

Қоссайыс қорытындысы:

1-орын. Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда обл) – 258 келі (108+150)
2-орын. Никита Журавлев (Қостанай обл) – 254 келі (119+135)
3-орын. Аблай Анамбай (Жетісу обл) – 252 келі (111+141)

Ертең әйелдер арасында 57, 61, 69 және 77 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.

Еске сала кетсек, Астанада бокстан жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр.