Қаланың Жедел басқару орталығы бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, заңсыз кортеж ұйымдастырған 5 автокөлік анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында жүргізушілердің қауіпті маневр жасап, өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген және авариялық жағдай туғызғаны белгілі болды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық көлік айыптұраққа қойылды.
Полиция жолда жарыс ұйымдастыру мен қауіпті маневр жасау адам өміріне қатер төндіретінін ескертеді. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті.
Еске салсақ, Атырауда жол ережесін бұзған «күйеу жігіттің достары» жауапқа тартылды.