Header Banner

16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салынады – Арман Қырықбаев

Бүгін, 11:09
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салынады – Арман Қырықбаев
Фото: Ақорда

Құрылтай отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министр цифрлық ортада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатынын, алайда бүгінде балалардың платформалардағы ақпаратқа, оның ішінде зиянды және деструктивті контентке қол жеткізуі іс жүзінде шектелмегенін айтты.

«Осыған байланысты 16 жасқа толмаған балалардың платформаларда тіркелуіне тыйым салу ұсынылады. Платформа иелері мен олардың өкілдіктері пайдаланушылардың жасын тексеру шараларын қабылдауға міндетті», - деді Арман Қырықбаев.

Бұл ретте тыйым тұлғааралық қарым-қатынас жасауға, ата-аналармен және мұғалімдермен байланыс орнатуға арналған мессенджерлерге қолданылмайды.