Таеквондодан Қытайдың Уси қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысушылардың алдын ала тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.
9-11 желтоқсан аралығында өтетін турнирде бақ сынайтын Қазақстан құрамасының тізімі төменде көрсетілген.
Ерлер
58 келіге дейін: Баходир Шапулатов, Тамирлан Тілеулес, Нұрәлі Махмұт, Жавохирхон Исламов;
68 келіге дейін: Әнуар Мұхаметкәрімов, Дамир Шуленов, Мұхаммедәлі Махмұт, Нұрбек Ғазез, Самирхон Абабакиров, Сұлтанбек Орынбек, Ерболат Хасан;
80 келіге дейін: Абдурахмон Марипов, Батырхан Кусетов, Мақсат Орынбасар;
80 келіден жоғары: Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан.
Әйелдер
49 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Құралай Жамалбекова, Нодира Ахмедова, Нұрайым Жұмабек, Нұрай Бауыржанова, Рита Бакишева;
57 келіге дейін: Айша Әділбекқызы, Мария Севостьянова, Жазира Исина;
67 келіге дейін: Аида Тәукенова, Аружан Найманбаева, Нұрай Хусаинова;
67 келіден жоғары: Назым Махмутова.
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Еске салсақ, қазақ боксшылары World Boxing рейтингінде көш бастады.