Елордада мас күйде көлік басқарған және жүргізу құқығы болмаған жүргізуші 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қалада жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мас күйінде көлік басқару фактілерінің алдын алуға бағытталған рейд-профилактика шарасы өтіп жатыр.
Полиция қызметкерлері А.Иманов көшесінің бойында Chevrolet Cobalt көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 33 жастағы жүргізушінің мас күйде болғаны және көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды.
Аталған факті бойынша азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі және 612-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көлік коммуналдық мамандандырылған тұраққа қойылды.
Елорда полициясы жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға, мас күйде және көлік қбасқару құқығынсыз рөлге отырмауға шақырады.
Еске сала кетсек, Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған бес жүргізуші жауапкершілікке тартылды.