Header Banner

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа басшы тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Ғатаұллаұлы бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 

Ол Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (1993 жыл), ҚР ҰҚК институтын (1996 жыл), Халықаралық құқық және нарық академиясын (2000 жыл) бітірген. 

II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

2019 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағы берілді.

1996-2000 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел лауазымдарында қызметі еткен.

2000-2025 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы лауазымдарында қызметі еткен.

2022 жылғы қаңтардан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінде болған Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев лауазымынан босатылды.