Евгений Кочетов Президент Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды

Бүгін, 15:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Евгений Кочетов Президент Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Қанат Құлшыманов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды.